«Үтікті осыған басу керек»: теңгеге мұрнын сүрткен блогер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Үтікті осыған басу керек»: теңгеге мұрнын сүрткен блогер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Үтікті осыған басу керек»: теңгеге мұрнын сүрткен блогер елдің ашуына тиді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атышулы Шырын Нарчаева тағы да ел назарында. Қазақтың ұлттық тағамы, теңгесі мен киімін қорлаған блогер бұл жолы тағы да сол ұлттық валютамен ойнады деп жазды turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. Нарчаеваның кезекті әрекеті желіде тез тарады. Ол 10 мың теңгелік валютамен көз жасын, қала берді мұрнын сүртіп, көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары мұндай әрекет жазасыз қалмау керек деп ашулы.
«Осыны ұрып талдыратын бір еркектің жоқ болғаны ма?», «Осындай санасы төмен адамдарды көрсете бермеңдерші, ақылсыз», «Осыларды неге көрсетеді? Керегі сол ғой оларға, пікір жазып, талқылап керек емес. Осындай санасы, миы жоқ адамдарды талқылап не керек?», «Осындайлар неге жауапқа тартылмайды? Жазықсыз адамдарды да бекер тергеп, қинап жатыр ғой?!», «Ыстық үтікті осындайларға басу керек қой», «Осыны бір сабаса ғой, жанын шығарып», «Теңгені қорлағандарды жауапқа тарту керек», «Әр нәрсенің сұрауы бар, сол ақшаға зар болып қалар» деп жазды желідегілер.
Тағы оқи отырыңыз: «Әдемі қартаю керек»: есіріп билеген әйел жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)