Британияның Қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинаға «басып кіру» схемасын жариялады

Британияның Қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинаға «басып кіру» схемасын жариялады

Британияның Қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинаға «басып кіру» схемасын жариялады
ашық дереккөзі
Министрліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Ресей әскери күштерінің болжалды бағыттары бар картаның суреті пайда болды деп жазды turkystan.kz. Бұл схема «Президент Путиннің басып кіруінің мүмкін осі» деп аталады. Оған сәйкес, Қырым мен Беларусь аумағында шоғырланған Ресейдің құрлық әскерлері Киев пен Днепрге шабуыл жасайды. Шабуылдың екінші кезеңі Днепрден Винницаға, сондай-ақ Қырымнан Одессаға қарай жылжиды.
«Ресей Украинаға жақын жерде айтарлықтай әскери қатысуын сақтап отыр. Сол әскердің күшімен Украинаға кенеттен басып кіруге болады», - деп жазылған қорғаныс ведомствосының түсініктемесінде.
Айта кетсек, АҚШ пен Еуропа елдерінің басшылары ақпан айының басында Ресейдің Украинаға басып кіретінін айтып, дабыл қаға бастаған болатын. Атап айтқанда, 12 ақпанда АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің 16 ақпанда шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Кейінірек британдық The Sun газеті өзінің материалында нақты уақытты атады. Басылымның мәліметінше, толық ауқымды операция Мәскеу уақыты бойынша 4.00-де басталуы керек (Киев бойынша 3:00). Ең алдымен зымыран шабуылдары мен кибершабуылдардың болатыны хабарланған-ды.