Жаңалықтар

«Перзенттік борышым»: Тоқаев әкесіне түсіріліп жатқан кино туралы айтты

ашық дереккөзі

«Перзенттік борышым»: Тоқаев әкесіне түсіріліп жатқан кино туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат бергенде «Әке туралы ой-толғау» кітабы желісінде кино түсіруге тапсырма бермегендігін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Сұхбат барысында телеарна тілшісі: «Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің «Әке туралы ой-толғау» кітабыңыздың желісі бойынша бір продюсерлік орталық кино түсіргелі жатыр екен. Осыған қатысты не айтасыз?» - деп сұраған еді. «Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым», - деп жауап берді Тоқаев.