Мемлекет басшысы ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейді

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейді

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ әскерін шақырғанына өкінбейді
ашық дереккөзі
Президент отандық телеарнаға бүгін берген сұхбатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін елге шақырғанына өкінбейтінін білдірді деп жазады turkystan.kz.
«Өкінбеймін. Бұл ешқандай да өкіндіретін шешім емес. Керісінше, дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, өзге қалаларға қауіп төндірді. Осы қарулы контингент болмаса, лаңкестер басқа да қалаларды басып алар еді. Қарулы шайқастар Талдықорғанда, Таразда, Шымкентте, Қызылордада орын алды. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды, олар, тіпті, Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды. Кейбір беделді сарапшылардың айтуынша, лаңкестер Қазақстанның басты екі қаласын басып алуды жоспарлаған. Бұл Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар. Сол елде лаңкестер Дамаск пен Ракканы  басып алуға әрекеттенген еді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлері біздің елде бір де-бір оқ атқан жоқ. Оны ашық айту керек. Олар тек негізгі стратегиялық нысандарды күзетіп тұрды. Осы кезде біздің күштік құрылымдар іске кірісіп, қарулы лаңкестерге тосқауыл қойды. Арамызда тек тығыз байланыс пен үйлесім болды», - деді Президент.
Оқи отырыңыз: «Түркістан» газетін оқып тұрамын» – Президент