Тоқаев пен Путин жерге қатысты мәселе көтермеуге келіскен

Тоқаев пен Путин жерге қатысты мәселе көтермеуге келіскен

Тоқаев пен Путин жерге қатысты мәселе көтермеуге келіскен
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындамағанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
– Иә, расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Президент неліктен бірінші орыс тілінде сұхбат бергенін айтты