«Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткіземін» – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткіземін» – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткіземін» – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
Биылғы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғаларға байланысты ресейлік сарапшылар «Төңкерісшілердің мақсаты -  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстаннан қуып шығу немесе тұтқынға алу» деген болжам жасаған еді. Мемлекет басшысы осы болжамға қатысты пікірін ортаға салды деп жазды turkystan.kz. – Бәлкім, бұл Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы шығар. Бұл рас та болуы мүмкін. Олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады ғой. Қалай десек те, арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан, шетелдік сарапшылар айтқан пікірдің жаны бар деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында. Сол себепті, Президент барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажет екенін айтты. – «Сабыр түбі – сары алтын» деп халқымыз бекер айтпаған. Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым, – деді Мемлекет басшысы.