Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Данабек Алтынбекұлы Керімрай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Данабек Керімрай 1982 жылы Шымкент қаласында туған. «Мирас» университетін,  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясын бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы ОҚО Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының аударма маманы болып бастаған. 2004-2005 жылдары — ОҚО Жастар ісі және ішкі саясат департаменті Тілдер бөлімінің жетекші маманының м.а., жетекші маманы. 2005-2006 жылдары — ОҚО Тілдерді дамыту басқармасының ұлттық және шет тілдерін дамыту бөлімінің бас маманы. 2006 жылы ОҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының құрылымдарында жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары — ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде басшылық қызметтер атқарды. 2011-2012 жылдары Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуды жаңғырту орталығында жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары — ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Қаржылық қызмет және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры орынбасарының м.а., директордың орынбасары. 2013-2014 жылдары — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Қаржылық қызмет және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры. 2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің директоры. 2017 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰЭМ Экономика және қаржы департаментінің директоры болды. Оқи отырыңыз: Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды