«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесінің жағдайына алаңдаулы

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесінің жағдайына алаңдаулы

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесінің жағдайына алаңдаулы
ашық дереккөзі
Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы вице-спикері, Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедев COVID-19-инфекциясымен ауруханаға түскен әкесінің жағдайы туралы алғаш рет пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Игорь Лебедев әлеуметтік желіде әкесіне қатысты жазба қалдырды.
«Тек өмір сүр!», деп қана жазды ол.
Айта кетсек, В. Жириновский 2 ақпанда «Омикрон» штаммынан туындаған асқынуларға байланысты ауруханаға түсті. Ведомствоның соңғы ақпаратына сәйкес, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап, барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. 14 ақпанда Ресей либералды-демократиялық партиясының депутаты, әлеуметтік саясат және ардагерлер істері комитетінің төрағасы Ярослав Нилов «Ленто.ру»-ға берген арнайы сұхбатында Жириновскийде пайда болған мидың қабынуы туралы хабарлардың қауесет екенін айтты. Оның айтуынша, сенсация іздеуге құмар көп Telegram арна жалған мәлімдемелерді жариялауда. Оқи отырыңыз: 7 рет вакцина алған Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.