ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде атып кетті
Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты 16 ақпанда Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған деп хабарлады turksystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.
Көпшілікке «Қазақ» лақап атымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы 7 кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.