ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде атып кетті

ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде атып кетті

ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде атып кетті
ашық дереккөзі
Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты 16 ақпанда Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған деп хабарлады turksystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Көпшілікке «Қазақ» лақап атымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы 7 кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.