Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Қызылордадағы велоспорттан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильиннің пара берді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарауда деп жазды turkystan.kz. Танымал зілтемірші ағасы Алексей Ильиннің 16 ақпанда ұсталғанын, қазір оның изоляторда екенін мойындады.
«Ағам туралы ақпаратты мен жақында білдім. Бұл мен және отбасым үшін де жағымсыз жаңалық болды. Қазір бұл мәселе туралы ашық айту менің құзыретім емес. Тергеу органдары айналысып жатыр. Ағам изоляторда, ол кеше ұсталды. Оған тағылған айып бойынша адвокат жұмыс істеп жатыр. Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Қазір бүкіл отбасымызбен оны кепілмен шығарып алуды ойластырып жатырмыз», - деді Илья Ильин.
Айтуынша, ол бұған дейін бұл мәселе бойынша БАҚ өкілдерімен сөйлеспеген. Тілшілерге Алексей есімді ағасының жоқ екенін де айтпаған.
«Қазір маған көп қоңырау түсіп жатыр. Олардың айтуынша, мен тілшілерге «менің Алексей деген ағам жоқ» деппін. Мұның бәрі - өтірік және арандату. БАҚ өкілі кіммен сөйлескенін білмеймін. Бірақ, мен ресми түрде мәлімдеймін, ешқандай журналиспен сөйлескен жоқпын. Бұл ақпарат қайдан шыққанын редакциядан сұрау керек. Мұны әлі анықтаймыз. Мені қолдайтындардан уақытынан бұрын қорытынды жасамауды сұраймын. Қолдауларыңызға рақмет, достар. Мен ағамнан бас тартпағанымды және бас тартпайтынымды тағы қайталап айтамын», - деді спортшы.