Тимур Құлыбаевтың орнына басқа Forbes миллиардері келді

Тимур Құлыбаевтың орнына басқа Forbes миллиардері келді

Тимур Құлыбаевтың орнына басқа Forbes миллиардері келді
ашық дереккөзі
Forbes журналының «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізіміне кіретін Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды деп жазды turkystan.kz.
«Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы төрағасының міндетін Райымбек Баталов атқаратын болды. Төралқа төрағасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде сайланады», - деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Съезд ертең, 18 ақпанда өтеді. Шарада ұлттық палатаның басқару органдарының мәселелері, оны реформалау, сонымен қатар басқа да өзекті мәселелер талқыланады. Райымбек Баталов – құрамына Raimbek Agro, «Раимбек-Алко», «Раимбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek ILM компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы.