«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер қатарынан алынады

«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер қатарынан алынады

«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер қатарынан алынады
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Ұлттық білім академиясы келесі оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді деп жазды turkystan.kz.
«Алдағы қыркүйек айынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр. Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады», - делінген БҒМ таратқан хабарламада.