Елордада дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған кабинет ашылды

Елордада дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған кабинет ашылды

Елордада дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған кабинет ашылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы №92 мектеп-лицейде дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Қазақстандағы «Tooba» халықаралық қайырымдылық платформасының негізін қалаушылардың бірі Мадияр Төлеуғали, мамандар мен ата-аналар қатысты. Бұл «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында 2015 жылдан бастап елордада ашқан 11-кабинеті. Қор демеушілік қаражаттың арқасында Қазақстан бойынша мектептер мен балабақшаларда 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. 2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында краудфандинг алаңына айналған «Tooba» платформасының 507 пайдаланушысы Нұр-Сұлтанда инклюзияны қолдау кабинетін ашуға 1 млн 55 мың теңге жинады.  width= Инклюзияны қолдау кабинетінде 7-10 жас аралығындағы аутизм бар 7 бала қолдау алады. Кабинеттің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру. Кабинеттер 10 балаға дейін оқытуға арналған. Командада 9 адам жұмыс істейді. Олар – куратор, мұғалім және 7 педагог-ассистент. Куратор әр оқушыға жеке даму бағдарламасын жасаса, ал педагог-ассистент пен мұғалім мектеп бағдарламасын игеруге және сыныптастарымен және мұғалімдермен өзара әрекеттесуге көмектеседі. Шара барысында қонақтар инклюзия кабинетінің жұмыс әдістерімен танысты. Олар жалпы сыныптағы сабаққа қатысып, ерекше балалардың мұғалімдермен және құрдастарымен өзара әрекеттесуін тамашалады.  Оқытушылар құрамымен және ата-аналармен сөйлесті.
«Бүгін елордада 11 және Қазақстанда 46-инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуында осы кабинеттің демеушілері болған «Tooba» халықаралық платформасының өкілдері қатысып отыр. Заманауи технологиялардың арқасында краудфандингтік платформа арқылы жиналған қаражатқа кабинеттің ашылуы, бұл - қор тарихындағы алғашқы жағдай. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Үкімет мектептер мен бақтарда сапалы инклюзияны қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуі маңызды. Өткен жылдың соңында қабылданған «Білім туралы» ҚР Заңына қарамастан, оның нормаларын әкімдіктер әлі күнге дейін орындамайды. 2015 жылдан бастап біз Қазақстан бойынша инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу, дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқытуда әлемдік ғылыми дәлелденген әдістемелерді енгізу, мамандарды оқыту бойынша үлкен жұмыс атқардық. Өңірлердің әрбір мектепте осындай алаңдарды дербес ашуы, мамандарды әдістемелік сүйемелдеу және оқыту бойынша өздеріне міндеттемелер алуы өте маңызды», - деді қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
Жобаға қатысу тегін. Жоба серіктестері – «Nur Otan» партиясы, жергілікті атқарушы органдар.  width= Айта кетсек, БҒМ ресми деректері бойынша, Нұр-Сұлтанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 13 597 бала тұрады. Оның ішінде 2 256-сында аутизм бар. Жалпы, бейресми деректер бойынша, Қазақстанда аутизм бар 30 мыңнан астам бала бар. «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда енгізуге бағытталған. Қор 2015 жылдан бері Қазақстанның 17 аймағында 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар 600-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды. Балаларында ерекше білім алу қажеттіліктері бар 3500-ден астам отбасына консультация берілді. 3500-ден астам маман инклюзивті білім беру және қолданбалы мінез-құлықты талдау бойынша оқудан өтті, 420 жұмыс орны құрылды, 58 кабинет бүкіл Қазақстан бойынша қор мамандарының курациясымен жұмыс істейді.