Ауыл көшесіне электр сымдары тартылып, жарық қосылды

Ауыл көшесіне электр сымдары тартылып, жарық қосылды

Ауыл көшесіне электр сымдары тартылып, жарық қосылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы Қазығұрт аудандық партия филиалының төрағасы Арман Абдуллаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген А.Надырханов деген азамат Рабат ауылындағы Болашақ көшесінде жарықтың жоқтығына шағымданды. Ауыл тұрғынының айтуынша, көше бағандарындағы электр сымдары дұрыс жалғанбаған, жаңадан қойылған бағандар құлауға шақ тұр. Ал метада көрсетілген электр бағаналары мен орнатылған бағаналардың саны сәйкес келмейді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының өтініштеріне құлақ аспаған мердігер компания электр сымдарын дұрыс жалғамай кеткен.  Көтерілген мәселе бойынша, аудан әкімі Арман Айдарұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Абдакимовке ауыл көшесін жарықтандыру бойынша жүргізілген жұмыстың сапасын тексеруді тапсырды. Бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу қажеттігін ескертті. Сөйтіп, олпы-солпы жасалған жұмыс аяғына дейін жеткізілді. Болашақ көшесіне электр сымдары тартылып, тұрғындар көптен күткен жарық қосылды.