Балаларға қауіп төндірген қаңғыбас иттер ауланды

17 ақпан, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Балаларға қауіп төндірген қаңғыбас иттер ауланды Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Ж. Мұханбетқалиқызының қабылдауына қала тұрғыны Райхан Табынқараева келіп, «Көктем» шағынауданындағы 32-үй тұрғындарының өтінішін жеткізді. Азаматшаның айтуынша, тұрғын үйдің маңайында иесіз жүрген қаңғыбас иттер көп. Олар серуенге шыққан бала-шағаға қауіп төндіруде. Сондықтан бұл мәселені шешіп беруді сұрады. Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Ғ.Байжановқа және Жаңаөзен қаласының ветеринариялық станциясына хат жолданды. Сөйтіп, ветеринариялық станция қызметкерлерінің көмегімен қараусыз жүрген 8 қаңғыбас ит ауланды.