Ауылға келген жас маман жұмысқа орналастырылды

Ауылға келген жас маман жұмысқа орналастырылды

Ауылға келген жас маман жұмысқа орналастырылды
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі Ақерке Нұрғалиева келіп, жұмысқа орналастыру бойынша көмек сұрады. Жас маман жоғары оқу орнын ағылшын тілі пәні бойынша тәмамдаған. Қоғамдық қабылдау барысында жас маманды Алатау аудандық білім бөлімі басшысының қабылдауына жазу ұйғарылды. Сондай-ақ Ақерке Нұрғалиева Жұмыспен қамту орталығының enbek.kz сайтында жұмыссыз әрі дипломы бар жас маман ретінде тіркеуге алынды. «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында оған қоғамдық жұмыскер ретінде Алатау ауданының әкімдігіне жолдама берілді. Сөйтіп, жоба аясындағы қоғамдық жұмысын сәтті аяқтаған Ақерке Нұрғалиева №180 жалпы білім беретін мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Бір атап өтерлігі, ерікті ретінде аудан жастарымен жұмыс істеген жас маман өзінің өтініші негізінде партия қатарына қабылданды.