Жаңалықтар

Мәди Ахмет қақтығыста қаза тапқандардың рухына арнап құрбандық шалды

ашық дереккөзі

Мәди Ахмет қақтығыста қаза тапқандардың рухына арнап құрбандық шалды

Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құрбандық шалып, Құран бағыштады деп жазды turkystan.kz. Ол бұл туралы өзінің instagram-дағы парақшасында жазды. «Қайырлы таң, достар! Алматыдағы іссапарымды қаңтар оқиғасында бақилық болған марқұмдардың рухына құрбан шалып, Құран бағыштаудан бастадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!» деп жазды депутат.