«Қырғызстан 900 млн кВт/сағ. электр энергияны сумен қайтарады» – вице-министр

«Қырғызстан 900 млн кВт/сағ. электр энергияны сумен қайтарады» – вице-министр

«Қырғызстан 900 млн кВт/сағ. электр энергияны сумен қайтарады» – вице-министр
ашық дереккөзі
Сенат отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан Өзбекстан мен Қырғызстанға қанша электр энергиясын экспорттайтынын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. «ЕАЭО туралы шартқа ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыруға қатысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Рысқали Әбдікеров электр энергиясы тапшылығы мәселесін қозғады. Депутат «Қазақстанда өндірілетін электр энергиясы Орталық Азияның энергетикалық жүйесі арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға сатыла ма?» -  деп сұрады. Бұл сұраққа жауап берген вице-министрдің айтуынша, бұған дейін Қазақстан көрші Өзбекстанға жылына 1 миллиард кВт/сағ дейін электр энергиясын сатып келген. Алайда 2021 жылы елімізде көптеген майнингтік фермалардың кесірінен қиындыққа тап болды. Сол себепті Өзбекстанға экспорт тоқтап қалған.
«Ал Қырғызстанға мемлекетаралық келісім бойынша біз қыс және күз айларында электр энергиясын жібереміз. Өз тарапынан қырғыз бауырларымыз бізге көктемде және жазда су жібереді. Екі ел Үкіметтері арасында бекітілген келісімшартқа сәйкес Қазақстан 900 миллион кВт/сағ электр энергиясын Қырғызстанға экспорттайды», - деді вице-министр.
Жандос Нұрмағанбетовтің айтуынша, Қырғызстан бұл электр энергияны 3 жылда 300 миллион текше су көлемінде қайтарады.