Қазақ диаспорасы және Ауғанстан қазақтары

Қазақ диаспорасы және Ауғанстан қазақтары

Қазақ диаспорасы және Ауғанстан қазақтары
ашық дереккөзі
Жалпы, диаспора өзге елдердің саяси, қоғамдық, экономикалық және идеологиялық ортасында жүрсе де өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап, барған елінің мәдениетіне әжептәуір ықпалын жасап келеді. Өйткені азамат өзінің этникалық тегін білуге әрі өзгеге сіңбеудің тәсілін табуға талпынады. Шындығына келгенде диаспораның тағдыры өзінің қалауымен емес, өзгенің саяси қалауы ретінде қалыптаса бастайтын қырына да назар салып жүрген жөн. Сол үшін де диаспораның ал­дың­­ғы буынының этникалық тегін сақтап қалу немесе ассимиля­ция­ға ұшырап кетудегі психоло­гия­лық арпалысын анықтау маңызға ие. Өйткені алдыңғы буын диаспораның психологиялық қалпы кейінгі буын­дар­ға бағыт береді. Өздерінің этни­ка­лық тегіне көз жұмуға бейім буын: «Ме­нің кінәм жоқ, тағдыр осылай жаз­ған» деп өздерінің жанайқайын уа­қытша тұмшалай алады. Бірақ ге­не­тикалық қуат арқылы кейінгі ұрпақ­тары оның тұмшалаған тегін қай­та іздеуге жетелеуі әбден мүмкін. Алай­да алғашқы диаспора буын өзі­нің этникалық тегінен бейжай өтпек бол­ған жағдайда оның ішкі түйсі­гін­де бір өкініш лебі есіп тұрады. Әрине, мұндай түйсік өздерін білім-ғылым­мен жетілдіре білген жеке-дара тұл­ғалар­ға тән тағдыр болмақ. Ал мил­лион­даған қазақ диаспорасы осын­дай күрделі түйсік шеңберінде тұт­қын күйде жүр. Өйткені диаспора – әр қауымдастықтың бір бөлігі, тұтас­тың бір ұшқыны. Тура жараты­лысын­дағы кемел рухтың бір ұшқыны, тұ­тас табиғаттың бір бөлігі болған­дай диаспора да ұлттың бір мүшесі. Сон­­­­­дықтан оның азаматтық болмы­сы ұлттық болмысымен ұштасып жа­­та­ды. Диаспораның тағы бір проб­ле­масын өмір сүріп жатқан елінің үстем мәдениетіне жұтылып кетуінің се­беп-салдарынан терең зерттеп-зер­делеуді қажет етеді. Сол үшін диас­пора мәселесін жоққа шығаруға да, оған немқұрайлы қарауға да болмай­ды. Қазақ диаспорасы әлемдегі ең қалың қауым болғандықтан сан жағынан миллиондаған жан. Сол үшін бұл қалың жұрт Қазақстан үшін саяси-экономикалық және статисти­калық тұрғыдан аса мәнге ие құбы­лыс. Сол себептен еліміз қазақ диас­пора­сын назардан тыс қалдыра ал­май­ды және алаңсыз отырмауы ке­рек. Қазірге дейін мемлекет тара­пы­нан қазақ диаспорасы үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асты және жүзеге асып келеді. Бірақ кемшіліктен де кен­де емес. Мәселен, қазақ диас­пора­сымен айналысатын кадрлар арнайы мамандыққа ие болуымен бірге қазақ ұлтына да аты мен затына да ғашық болуды қажетсінеді. Сондай-ақ білімі мен махаббаты ұштасып тұр­ған ма­ман болғандары абзал. Екін­шіден, диаспорамен айна­лысу­да тұрақты­лық пен жүйелілік басты на­зарда болуға тиіс. Үшіншіден, ақ­парат құрал­­дары тарапынан диас­пора жайында зерттеу мақалалар жария­ланып тұрса, оны зерделеуде өз жүйе­сін таба алады. Сондай-ақ диас­пора балаларын қазақ тілін үй­ре­нуге ынталандыру жолдарын тауып, олардың ана тілін ұмыттыр­мауын қамтамасыз етудің ең керекті әдісі мемлекеттік және мемлекттік емес мекемелер мен басқарма орын­дары­ның іс жүргізу механизмі түгел­дей қазақ тілінде болуға тиіс. Сонда қа­зақ диаспорасында қазаққа іңкәр­лік қуаты пайда болады. Менің және мен сияқ­ты­лар­дың көрген-білген тәжірибе­сін­де диаспорадағы алғашқы буын қа­за­ғымен тұтасуды армандап, елін сүй­ді, елін сағынып, елге оралуды ар­ман етті. Сол арманын келесі ұрпа­ғы­на аманат етті. Олар үшін «қазақ» сөзі қазақтарды біріктіретін белгі бол­ды. «Қазақ» сөзі белгі болғаны үшін де олардың сана-сезімінде киелі сөз­ге айналды. Сол үшін балаларынан тәр­биеге жат, ақылға қонымсыз қы­лық көргенде «Балам сен – қазақсың, бұл сөзің, бұл мінезің қазақтығыңа жа­ра­майды» деп ескерту айтатын. Бұл ұрпақты қазақ болуға бағыт­тау­шы белгі еді. Сондықтан қазақ тари­хы­ның тереңінен бастау алған ата-ба­баларымыздың өсиеті іспеттес бол­ған. Осылайша, қазақ елі ұлттық сая­сатының басында қазақ диас­пора­сы мен жергілікті қазақты біртұ­тас рухани жанға айналдыру үшін зерт­телетін жобаларды дайындап, қа­зақтану саласының ғылыми негі­зін қалауға тиіс. Осы орайда қазақтардың қо­ныс еткен көптеген елдегі саяси-экономикалық, қоғамдық-мә­дени ерекшеліктерінің салдарынан түрлі ортаға бейімделіп өмір сүріп жат­қан қазақтардың дүниетаным мен психологиясы әртүрлі қалыптас­қа­ны да шындық. Сондықтан олар­дың түрлі бағытта қалыптасқан пси­хо­логиясын ұлттық идеология­ның негізінде мемлекеттік мүддеге ба­ғыттау үшін сан алуан елдердегі қа­зақтардың тұрмыс-тіршілігі, өмір­лік ұстанымы, экономикалық-қоғам­дық ахуалын сол елдегі жүріп жатқан мем­лекеттік саясатын назарда ұстай отырып зерттеп, зерделеген жөн. Мә­селен, Иран-Ауғанстан қазақ­- тары – анау 1929-1933 жылдардағы жа­­санды ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін заманында ата жұртты тәрк етіп, шетелден пана іздеуге мәж­бүр болған топтар. Олардың елде бо­лып, саяси психологиясының зар­да­бы қаншалықты ауыр болғанын қа­зақтың көрнекті қайраткер жазу­шысы Смағұл Елубай «Арыс» бас­па­сы­нан 2016 жылы жарық көрген екі том­дық «Ақ боз үй» және «Қиямет-қайым ғасыры» атты роман кітап­та­рын­­да көркем түрде шынайы сипат­тап сомдаған. Оған мысал «Ақ боз үй» трилогиясы өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман болғанымен ерекшеленеді. Қа­зақтың 1925-1933 жылдары көр­ген саяси зардабын көрсете алатын құжаттардың бар-жоғын зерттеген тарихшыларымыз бар ма әлде жоқ па? Біле бермейміз. Өйткені Маңғыс­тау өңірінен көшкен қазақтард­ың туған куәліктері Үкімет мұрағатында сақталмаған. Сондай-ақ олардың мал байлығы да хатталмаған. Сол үшін қазақтың көрген зұлматы мен тауқы­метін жан-жақты зерттеуде қиын болып отыр. Сонымен бірге Сыр бойынан Ауған­станға көшкен қазақ­тар­­дың туған куәлігі мен дүние-мүл­кі­нің есеп-қисабы, жұмыс-тіршілігі, ата-бабаларының саяси-қоғамдық ахуа­лы үкіметтік мұрағаттарда хат­талып сақталмаған. Мұның бәрі қа­зақ­тың көш тауқыметі мен се­беп­терін ғылыми тұрғыдан пайымдауын қиындатып отыр. Сондықтан қазақ диаспорасының тарихын көрген-естіген жандардан хатқа түсіріп ал­сақ кейінгі ұрпағымызға баға жет­пес тарихи олжа болар еді. Әйтпесе жоқ құжаттан тағы жоқ құжатқа тап бо­лып, технологияның дамыған, со­цио­логия мен психология ғылымы­мен бірге баспаның заманға сай әб­ден биік қабілеттерге жеткен заманда бүгінгі қазақ диаспорасын зерттеп, хатқа түсірмесек, келешек ұрпақтың алдын­да үлкен ұятқа қалып, қаһары­на ұшырауымыз әбден мүмкін. Ауғанстан қазақтары туралы қол­ға алған зерттеу екі себеп негі­зін­де жүзеге асып отыр. 1. Менің қазақ диас­порасы туралы ниетім алғаш рет 1979 жылы Ауғанстанға сапардан басталды. Сондағы қазақтардың тыныс-тіршілігін жақынан көріп танысып қайттым. Оның жалғасы қа­зірге дейін жүріп келеді. Осы ізде­ніс мемлекет тарапынан қолдау тап­са, олардың бұрынғы және елге орал­ғаннан кейінгі ахуалын ішкі және сыртқы ғылыми саяхаттар ар­қылы жақыннан зерттеп, зерделеу мүм­кіндігіне қол жеткізген болар едім. Өйткені қазірге дейін өзімің әл-ауқатыма қарай біраз дүниелер жа­зып, жариялап жүрмін. Ал ол жұ­мысты ауқымды түрде жүзеге асыра алмай келемін. Сондықтан бұл іс-шараларым бірте-бірте іске асқан ұзақ жылдарымның жемісі болып ке­леді. 2. Ауғанстан елінің саяси-эко­номикалық, қоғамдық-мәдени, әлеуметтік және наным-сенімдерінің жағ­дайына байланысты заманауи мектеп, жоғары оқу орындары кең қанат жая алмаған соң оқушылары­ның да саны барынша аз болды. Есе­сіне діни сауатын ашатұғын клас­сикалық медреселер мен мешіттерде оқушылардың саны ауыл мен қала­ларын­да басым болғандықтан сонда­ғы қазақтарда: а) жалпы қоғамдық ортаның әсерінен ә) және өздерінің әлеуеті төмен қоғамда күнкөрістің қамында жүріп, балаларын мектепке оқы­тудан гөрі діни медреселерде оқы­туды жөн көрген. Өйткені діни орын­дарда оқу ақысыз болуымен бір­ге ауқаты мен жатақханалары да те­гін болған жайы болды. Сол себеп­тен қазақтар өздерінің тұрмыстық ауыртпалығы мен елдің қоғамдық ор­тасының әсерінен мектеп пен уни­вер­с­итетте оқуға құлқы да жағдайы да бола қойған жоқ. Ауған қазақтары кешегі диаспора, бүгінгі қонақ иесі ретінде саяси-экономикалық, қоғам­дық-мәдени тұрғыдан қаншалықты өзгеріске ұшырағаны – менің зерттеу нысанамда мені аса қызықтыратын тақырып. Дәл осы салыстырма жұ­мыс­ты Иран, Түркия тағы басқа ел­дер­де жалғастыруға болады. 1979 жылы Ауғанстанның аста­на­сы Кабул қаласында болған кезім­де қазақтың ауқатты бизнес өкілі қа­жы Имам Полаттың көпқабатты, көп­бөлмелі үйінде тұрдым. Сонда кө­пшіл, қазақшыл, сөзшең, жылы жүз­ді, әңгіменің байыбына жеткізіп айта алатын Ғұлам Айдар ағамен та­ныстым, ол кісі менің мақсатымды түсі­ніп, бірден қызықты. Сосын мені өзі­нің Мазар-Шәріп қаласындағы үйі­не қонақ болып, «сондағы қазақ­тармен танысасың» деп шақырды. Осы­лай аталған қалаға барып, қазақ тұр­ғындарының тұрмыс-тіршілігі­мен таныстым. Ғұлам Айдар: «Оқы­мыс­ты болу Құдайдың берген нығме­ті ғой. Біз осындай үлкен нығметтен мақұрым қалған елміз. Сол үшін біз­дер күн көріп, тіршілік еткенімізге мәзбіз. Тіршіліктің қамымен жүріп жастарымыз оқи алмады. Сол мешіт-медресеге барып, сауатын ашып жүр­гендеріне де шүкір етеміз», – дей­тін. Біз кейін ағалы-інілі болып, дос­та­сып кеттік. Ауғанстан 1980 жылы кеңес әскерінің елге кіруімен әбден ала­­­­сапыран кезеңге тап болды. Со­ның салдарынан елден миллиондаған аза­­мат босып кетті. Сол аласа­пы­­ран заманда қазақтарда босқынға ұшы­рады. Қазақ қиын-қыстау заман­да өзінің қазақ бауырын іздейтіні мә­лім. Сондықтан Ауғанстаннан Иран, Түркия, Арабия елдеріне көш бас­тал­ды. Ғұлам Айдар ағайындары­ның Түркияға көшуіне жетекшілік жасап, айтарлықтай еңбек сіңіріп, үлес қосты. Мен онымен Кабулда бір­не­ше күн қажы имамның үйінде бірге болғанымда сондағы қазақ­тар туралы әжептәуір мәлімет алдым. Соның бірі қазақ балаларының оқу мә­селесі жөнінде болды. Сонда олар­дың көбісі діни білім алуға көбірек бейім екені, қыз балаларын мектепке мүлдем жібермей, медреседе оқы­та­тынын білдім. Сол жылы Кабул уни­вер­ситетінде оқып жүрген бар-жоғы екі білімгер болды. Мен университет­ке оларды іздеп барып, таныстым. Оның бірі – Әмин Аспан деген жігіт 1980 жылғы ішкі қақтығыстарда қа­за­ға ұшырады. Ал екіншісі Мұхаммед Рафиһ кейінгі жылдары Иранға келіп, бірнеше жыл еңбек етіп, бос­қын­дар тізіміне ілініп, Дания еліне қо­ныстанды. Ол аталған елде абы­рой­лы жұмыс пен тұрақты табысқа қол жеткізген соң бауыры мен жақын ағайын-туыстары мен жекжаттарын сонда көшіріп, ауқатты өмір сүру ба­ғына бөленді. Ауған қазақтары бірнеше ерек­ше­­­лікке ие. Олар: 1. Діни білімі за­ма­науи білімдерінен басым болғаны 2. Сауда-саттық жұмысында мол тә­жіри­беге қол жеткізгені 3. Діни ғиба­дат­тарды орындауға берік болғаны. Осы тұста қажы Сәруәр қарияны мы­­­салға айта аламын. Ол кісі ислам ді­нінің барлық парызын орындап, ғибадаттарын жасап, қазақы салт-дәс­түрді ұстанып, үлкен-кішіні сый­лап, игі тілегін айтып, отбасы мүше­ле­рін адал, жақсы болуға үгіттеп оты­ратын бауырмал жан. Дін мен дәс­түрді тек қана игілікке жұмсауға тал­пынып жүреді. Дінге беріктігі, қа­зақы мінезімен өнегелі қария еке­нін көрсетіп жүреді. 4. Қазақ пси­хологиясына сай бауырмал болғаны 5. Қоғамдық қарым-қатынаста ағайындық байланыстары басты мәйек болғаны 6. Уәде бергенде сөз­ден аттамай орындаулары сынды ар­­­тықшылықтармен ерекшеленіп тұратын. Бұл жайында көзбен көріп, құлақпен естіген бір оқиғаны айтып бер­генді жөн санаймын. Дос-аға Ғұлам Айдар ата жұртына қайта орал­ған соң бірнеше жылдан кейін сыр­қаттанып төсек тартып жатқан күн­дерінің бірінде туған күйеу бала­сы Әзиз Сәруерұлын жанына шақы­рып алып: «Менің бір аяғым көрде тұр, сол үшін мен саған бір аманат тап­сырамын. Осы аманатты мен өл­ген соң орындауыңды сұраймын. Мен Иранда бір кісіге 2 000 доллар (екі мың доллар) қарызым бар. Сен күн­дердің бірінде менің аманатымды сол кісіге тапсыруға Иранға барып қай­туға уәде етсең, жаным тыныш таба­ды», – деп күйеу баласының уәде­сін алған. Әзиз Полат кейін қа­жы Құлам Айдардан алған қарызын Иранға барып, аталған кісіні іздеп, үйін тапқанда ол кісінің қайтыс бол­ғанын білді. Содан ол кісінің мұра­гер­лерін іздеп, ұзақ уақыттан соң мұрагерлерін тауып, бастарын бір жерге қосып, олардың өзара келісуі­мен әлгі марқұм Ғұлам Айдардың 2000 доллар борышын оларға тап­сыр­ды. Міне, екі арада жазылған хат­тамада болмаса да, сөзбен келісіл­ген уәде осылай орындалды. Әрине, атал­ған ерекшеліктер сол кезде, сол ор­тада көрініс тауып тұрды. Өйткені кейін Түркияға көшіп келіп, тір­шіліктің жаңа жиегіне қадам бас­қанда жаңаша қоғамдық-әлеуметтік психологияға ие бола бастады. Жаңа шарттар жаңа буындарды тәрбиелеп, жетілдіре бастады. Сондықтан қазақ дүниесін зерттеу ұзақ уақыт пен мол қар­жыны талап етеді. Сондай-ақ он­дай зерттеудің берері де мол болмақ. Түйіндеп айтқанда, ауған қазақ­тары 1993 жылы Үкімет қолдауымен түгел­ге жуығы елге оралды. Олардың өте аз саны Түркияда тұрады. Ал он­да­ған отбасы қазірге дейін Ауғанстан­ды мекендейді. Олардың елге оралуы біртіндеп өз шешімін табады деген үміттемін. Басым көпшілігі ата жұр­тын­да жүрсе де қазақтың әде­би тілі­не, жазба тарихына және оқып-жазу­ға көңіл бөлуге шамалары кел­мей жатыр.

Ислам ЖЕМЕНЕЙ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы