«Қаңтар оқиғасы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын болды» – депутат (ВИДЕО)

«Қаңтар оқиғасы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын болды» – депутат (ВИДЕО)

«Қаңтар оқиғасы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын болды» – депутат (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова қаңтарда болған бүліктерге қатысты өз пікірін білдірді. Көпбалалы ана бұл оқиғалар кезінде бірнеше күн бойы сары уайымға салынған деп жазды turkystan.kz.
«Қаңтар оқиғасы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын болды. Отбасым Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. Жолдасым екеуміз 8 баланы тәрбиелеп отырмыз. Оқиға кезінде ауылда жоқ едім. Жанұямның қасында бола алмай, жанымды қоярға жер таппадым. Балаларымның өмірі үшін қорықтым... Есіңізде болса, дүкендер жабық, ешбір мекеме жұмыс істемейді. Жол мен әуежай жабық, ешқайда шыға алмайсың. Алматыдағы жағдай тіптен сұмдық болды. Осының бәрі тезірек бітсе екен, аяқталса екен деп тілеп қана отырдық», - дейді депутат.
Әлия Әбсеметованың айтуынша, қоғам қаңтар оқиғасы туралы шынайы, әрі нақты ақпарат алатын болады. Депутат Президенттің батыл қадамдары ғана тығырықтан шығуға себеп болғанына сенімді.
«Бүкіл халық теледидарға үңілді. Мемлекет басшысының шешімін күтті. Президентіміздің Үндеулері мен табанды позициясы халыққа үлкен демеу болды. Әр сөзін шегелеп, елдегі тәртіпті қалпына келтіру үшін қолынан келгенін аямайтынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған шешімдерін естіген соң ғана көңілім орнына түсті. Анархияға жол бермей, Президентіміз жауапкершілікті өз мойнына алып, нақты шараларды қолға алғаны үшін ана және қазақтың бір қызы ретінде шынайы алғысымды айтамын», - деді ол.
Еске сала кетсек, 5-7 қаңтар аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде жаппай тәртіпсіздіктер болып, жүздеген адам қаза тапты.