Жаңалықтар

«Қазақтар 10 млн бермейді»: қазақ қызы арабқа шығамын деп әжесін қорқытты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Қазақтар 10 млн бермейді»: қазақ қызы арабқа шығамын деп әжесін қорқытты (ВИДЕО)

TikTok желісінде немересі әжесіне араб жігітіне тұрмысқа шығамын деп шықты. Болашақ араб күйеу баласы қалың малға 10 миллион теңге беретінін айтып, әжесінің зәресін одан бетер ұшырды деп жазды turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап. «Қалың малы құрысын! Кез келген қазақтың жігіті саған қолын кел деп созады. Кез келген қазақ жігіт сен үшін жақсы жар. Қазақтар ондай ақша бермей-ақ қойсын. Өзіңді ойлашы!» - деді күйінген әже. Әжесіне бойжеткен қазақ жігіттерінің 10 миллион теңге бермейтіндігін айтып отыр. «Ойбай, бермей-ақ қойсын. Құдай-ау, 10 миллионы құрысын. Көк тиын, бәрі болады ғой. Зейнетақымды беремін. Елге күлкі боламыз ертең», - деп немересінің абыройын уайымдаған әжесі жағасын ұстады. «Әже, қазір ақша билеген заман. Менің көк тиыным жоқ, ертең қалай отырамын, ойласай. Сенің 100 мың теңгең түкке де жетпейді. Маған сондай бай адам керек. Араб деген ол да мұсылман ғой. Ел не демей жатыр? Күлкі болмайсың», - деп қалжыңдады немересі. Тағы оқи отырыңыз: Шетелдік күйеу бала қалыңмалға 10 млн теңге берді (ВИДЕО) Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік: «Әже дұрыс айтады, қалың малы құрысын!», «Пенсиямды берем дей ме, жаным-ау?!», «Ең ақылды жандар қартайып жатыр, тыңдап, ұғып қалыңдар!», «Жасыңыз ұзақ болсын!», «Әженің жүрегін ауырттың ғой, құрысын пранкы, ұзақ өмір тілеймін» деп өз пікірлерін білдірді.