Жайық өзенінің жағасынан мылтық пен оқ-дәрілер табылды

Жайық өзенінің жағасынан мылтық пен оқ-дәрілер табылды

Жайық өзенінің жағасынан мылтық пен оқ-дәрілер табылды
ашық дереккөзі
Атырау қаласының тұрғыны Жайық өзенінің жағасында серуендеп жүргенде қапқа салынған қару тауып алды деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының тұрғыны «102» желісіне қоңырау шалып, қапшыққа салынған қаруға ұқсас зат тауып алғанын хабарлаған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының «102» желісіне шаһар тұрғынынан хабар түсті. Тұрғын Жайық өзенінің жағалауында ақ түсті қапшыққа оралған қару тәріздес зат пен оқ-дәрілерді тауып алған. Бұл жәйтке қатысты жедел тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізді. Сөйтіп, Жайық жағалауынан табылған қапшықтағы қос ауызды тегіс ұңғылы мылтық пен оның оқ-дәрілері тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.