Рио-де-Жанейрода 90-нан астам адам су тасқынының құрбаны болды

Рио-де-Жанейрода 90-нан астам адам су тасқынының құрбаны болды

Рио-де-Жанейрода 90-нан астам адам су тасқынының құрбаны болды
ашық дереккөзі
Бразилияда Рио-де-Жанейроның Петрополис таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, көшкін мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 94-ке жетті. Олардың сегізі – кәмелеттік жасқа толмағандар деп жазды turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұдан бұрын 71 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан 24 адамды шығарса, 35 адам іздестіріліп жатыр. Сейсенбі күні кештен бастап төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі ведомствоаралық күштерді үйлестіру үшін қалаға келген штат губернаторы Клаудиу Кастру құтқару жұмыстарына 400 құтқарушы, 200 полицей, сонымен қатар әскерилер мен еріктілер жұмылдырылғанын хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, бұл - 1932 жылдан бергі жауған ең қатты жаңбыр. Бұдан ертерек жедел қызметтер шамамен 190 көшкін мен 230 кіші апат туралы ақпарат алған. Салдарынан 80 тұрғын үйге зақым келіп, олардың 54-і толығымен қираған. Қалаға сейсенбі күні 6 сағаттың ішінде 260 миллиметр жауын-шашын түскен. Қала билігі қаралы күн жариялап, төтенше жағдай режимін енгізді. Синоптиктерің болжауынша, жақын күндері тағы да жауын-шашын түспек. Бразилия Президенті Жаир Болсонару табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету, сонымен қатар әскерлерді жұмылдырып, апат салдарын жою туралы бұйрық берді. Айта кетсек, Бразилияның солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында желтоқсанның аяғы мен наурыздың аяғы аралығында мол жауын жауады, қауіпті жағдай жыл сайын қайталанып отырады. Ол Амозониядағы экваторлық ормандағы жылы ылғалды ауаның оңтүстік-шығыс бағытта Атлант мұхитына қарай жылжуынан болып отыр.