Жаңалықтар

Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

ашық дереккөзі

Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді деп жазды turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік спортшыға арнаған жазба жариялады. «Достар, мен Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көрші елдің талантты спортшысы, қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын. Қыз небары 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерін көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын!» - деп жазды Димаш. Ресейлік спортшы командалық турнирде қысқы Олимпиаданың чемпионы атанып, допинг дауынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті.