Алматы облысында қария оқушыға азғындық әрекет жасаған

Алматы облысында қария оқушыға азғындық әрекет жасаған

Алматы облысында қария оқушыға азғындық әрекет жасаған
ашық дереккөзі
Алматы облысында 14 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасап, азғындық көрсеткен күдікті ұсталды. Ол 62 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты деп хабарлады turkystan.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап. Аталған факті бойынша полицияға арыз 15 ақпанда түскен. Қаскүнем Қарасай ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды.  Полицейлердің айтуынша, сол кезде ол көлікті мас халде жүргізген. Бұл әрекеті үшін оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқынан айырды. Кәмелетке толмаған баланы қорлағаны үшін айыпталушы қылмыстық жауапкершілік аясында сотталуы мүмкін.
«Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы («Жас балаларды азғындату») бойынша қылмыстық тергеу тіркелді. Тергеу бақылауда және мән-жайлардың жан-жақты объективтілігіне бағытталған шаралар қабылдануда», – деп атап өтті облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.