Елордада экстремизм бойынша күдіктілер ұсталды

Елордада экстремизм бойынша күдіктілер ұсталды

Елордада экстремизм бойынша күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
2022 жылғы 16 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады деп хабарлады turkystan.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және адамдарды экстремистік әрекет ұйымдастыруға үгіттеді деген күдікке ілінді. Ұсталғандардың екеуі бұрын жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған және ұрлық үшін сотталған. Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер табылды.