Жаңалықтар

Павлодарда трамвай жолдан шығып кетті

ашық дереккөзі

Павлодарда трамвай жолдан шығып кетті

Оқыс жайт Назарбаев – Ломов көшелерінің қиылысында болды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. - Бүгін сағат 14:50-де жүргізуші бағыттамалық бұрмадағы бұрылысты аяқтаған кезде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, екінші арбамен жылдамдықты асырып жіберген. Нәтижесінде вагон жолдан шығып кетті. Жол шаруашылығына және трамвайға зиян келтірілген жоқ, - дейді трамвай басқармасында. Қазіргі уақытта қозғалыс қалпына келтірілді. Апат кезінде вагонда жолаушылар болған.