Қаңтар оқиғасы кезінде 1 726 адам медициналық көмекке жүгінген

Қаңтар оқиғасы кезінде 1 726 адам медициналық көмекке жүгінген

Қаңтар оқиғасы кезінде 1 726 адам медициналық көмекке жүгінген
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасы барысында 673 азаматқа оқ тиген. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты ОКҚ-де өткен брифинг кезінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мүліктік сипаттағы қылмыстармен қатар ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қайтыс болуы және олардың жарақат алу фактілерін тергеуде. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қаңтар оқиғасы барысында 1 726 адам, оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттармен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақаттармен, 431-і дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінген. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 686, Алматы облысында – 336, Қызылорда облысында – 164, Жамбыл облысында – 153, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 126 адам», - деді Санжар Әділов.
Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасын ФБР тексеруі мүмкін