«Қазақфильмнің» табысы жалақыдан артылмайды» - Ақан Сатаев (ВИДЕО)

«Қазақфильмнің» табысы жалақыдан артылмайды» - Ақан Сатаев (ВИДЕО)

«Қазақфильмнің» табысы жалақыдан артылмайды» - Ақан Сатаев (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белгілі кинорежисер Ақан Сатаев бас қалада өткен алқалы отырыста өзі басқаратын компанияның мүшкіл халін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Біз жұмыс істеп жатырмыз, барынша тырысып бағамыз. Бірақ студия тапқан барлық қаражат, өкінішке қарай, қызметкерлердің жалақысы мен әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Шындығын айтқанда, өз фильмдерімізді шығаруға да қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, бізге өз фильмдерімізді шығару үшін әлі де қолдау қажет», - деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев.
Алқалы жиында мәдениет саласындағы күрмеуі қиын мәселелер қозғалды. Кітап баспасы, мұрағатшылардың жалақысы, мәдени нысандарды қайта жөндеуден өткізу де сөз болды. Жауапты министрліктің дерегінше, ел ішінде 7 мыңнан астам мәдени нысан бар. Алайда оның көбі тозған. Кітапханалар мен архив ісі де қолдауға зәру. Сала мамандары бірқатар кемшіліктерді айтты. Олар ауылдағы кадр тапшылығы, қазақ тіліндегі кітаптарды сату мен баспа ісін біріздендіру қажет екенін жеткізді. Көтерілген мәселелерді тындаған министр Дәурен Абаев шаруаларды шешуге тырысатынын айтты.
«Қарамағымыздағы ұйымдардың бәрін айналып өтеміз. Бәріне барып қайтамыз. Бүгінгі айтылған сөздер бойынша біз нақты жол картасын дайындап жатырмыз. Биыл біз көп нәрсені шешіп тастаймыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Оқи отырыңыз: Дәурен Абаев бірнеше театрдың директорларын ауыстырды