Атақты балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті

Атақты балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті

Атақты балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Еліміздің хореография өнерінің тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театры балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрқалиев қайтыс болды деп жазды turkystan.kz. Суыт хабар А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің ұжымы Тұрсынбек Әбдібайұлының туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біздің жанашырлық сөздеріміз сіздерге осы қиын сәтте қолдау болады деп ойлаймыз. Иманды болсын!» - делінген жазбада.
Хореография өнерінің тарланы Тұрсынбек Нұрқалиев Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесінің түлегі. 1970-2000 жылдары аралығында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында балет солисі болды. 2002 жылы Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2013 жылдарда – К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры балет труппасының бас балетмейстері. 2013-2015 жылдарда – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында балеттің көркемдік жетекшісі. 2015 жылдан бері балет труппасының директоры қызметінде болған.