Атырауда аса ірі көлемде қаржы ұрлаған лауазымды тұлға ұсталды
Атырау облысы Қаржы мониторингі агенттігі облыстық Құрылыс басқармасының лауазымды тұлғасы мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады деп жазды turkystan.kz.
Күдіктілер мектеп, екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Серіктестік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Аталған қылмыстық іс аясында Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес облыстық Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, қазір облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталып, қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.