Құлсарылық әйел өзін тыныштандыру үшін мысықтарды асып өлтірген
Құлсарылық әйел өзін тыныштандыру үшін мысықтарды асып өлтірген
Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйел мысықты асып өлтірген деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Асылып тұрған мысықты көршілері көріп, полиция шақырған. Үш баланың 38 жастағы анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған. Кейін өзін тыныштандыру үшін әйелдің ай сайын бір мысық өлтіріп отырғаны анықталған.
Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездiк жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда бүгін оның жазадан сытылып кеткені белгілі болды.
«Жылыой ауданының тұрғынына қатысты амнистия туралы заңның қолданылуымен байланысты, мысыққа қатыгездік таныту ісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп хабарланды Полиция департаментінен.