Қоқыс басқан пәтерден аш-жалаңаш 8 айлық егіздер табылды

Қоқыс басқан пәтерден аш-жалаңаш 8 айлық егіздер табылды

Қоқыс басқан пәтерден аш-жалаңаш 8 айлық егіздер табылды
ашық дереккөзі
Мәскеуде пәтерлердің бірінен ауыр халдегі 8 айлық егіздер табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Түнде Плеханов көшеcіндегі тұрғын үйдегі пәтерден екі нәресте табылды. Сегіз айлық ұлдар екен. Олардың біраз уақыт тамақтанбағаны мәлім болды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомство өкілі егіздердің әкесі мен шешесі үйде мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, олардың басқа балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды. Mash Telegram арнасының хабарлауынша, олардың барлығы 10 баласы болған: оның 8-ін қорғаншылық және қамқоршылық қызметі тартып алған. Татьяна мен Михаил Боровойдың үлкен баласы - 16 жаста, ол 7 іні-қарындасымен (ең кішісі 2 жаста) интернатта. Сегіз айлық егіз баланың лас пәтерде ашқұрсақ жатқанын туыстары мәлімдеген.