Қазақ балалары дарындылық жағынан әлем бойынша 12-орында

Қазақ балалары дарындылық жағынан әлем бойынша 12-орында

Қазақ балалары дарындылық жағынан әлем бойынша 12-орында
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының бүлдіршіндері дарындылық жағынан әлемнің 100 елі арасында 12-орын иеленді. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған балалар форумында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті. «Биыл 1200 бала халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, дарын жағынан Қазақстанның балалары 100 ел ішінде 12-орынды иеленіп отыр. 20 жыл бұрын бұл көрсеткіш 50-ші орын еді. Біз қазір Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосамыз деп жүрміз ғой, ал балаларымыз өз білімдерімен ол межеге жетіп қойды», - деді Г.Әбдіқалықова. Жалпы, бүгін жаңа Оқушылар сарайында өткен балалар форумына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 336 бала келген. Енді бұл форум дәстүрге айналып, жыл сайын оқу мен өнерде үздік деп танылған балалар Астанаға жиналып отырады.