Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарады

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Руслан Әлішев – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.

Екі жылдан астам уақыт Nur Otan партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарған.

2020 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button