Қанат Ислам келесі аптада чемпиондық белбеуге таласатын болды

Қанат Ислам келесі аптада чемпиондық белбеуге таласатын болды

Қанат Ислам келесі аптада чемпиондық белбеуге таласатын болды
ашық дереккөзі
Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламның кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Ол WBO Global белбеуі үшін ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасатын болды. Осылайша, 25 ақпанда Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін бокс кеші аясында рингке оралмақ. Бұл жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бастапқыда бокс 21 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 25 ақпанға шегеріліп отыр. Тағы оқи отырыңыз: «Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да» – шетелдік сарапшы Еске сала кетсек, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпиондық атақты қорғамағаны үшін Қанат Исламнан WBO International белбеуін қайтарып алған болатын.