Қазақстандықтар көшеде жаппай үтік басылған киіммен жүр (ФОТО)

Қазақстандықтар көшеде жаппай үтік басылған киіммен жүр (ФОТО)

Қазақстандықтар көшеде жаппай үтік басылған киіммен жүр (ФОТО)
ашық дереккөзі
Журналист Аян Қалмұрат Facebook-тегі парақшасында ел тұрғындарының киімдеріне үтік басып, көшеде жүрген фотосын жариялады хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан соң ұсталған оқушылар мен студенттерді тергеу кезінде арқасын күйдіріп азаптаған екен.
«Бүгін желіде киімінің артын үтікпен күйдірген бірнеше адамды көрдім. Осылайша азапталғандарға қолдау ретінде үнсіз қарсылық басталыпты. «#АзаптауғаҚарсымын» деген хэштегпен тарап жатыр», - дейді ол.