«Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қаупі әлі де бар» - Байден

«Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қаупі әлі де бар» - Байден

«Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қаупі әлі де бар» - Байден
ашық дереккөзі
АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қаупі әлі де бар екенін айтты деп жазды turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап. Ол американдықтарға жасаған үндеуі кезінде АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін атап өтті.
«Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса, біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де мүмкін болып тұр», – деді АҚШ Президенті.
Бұған дейін Джо Байден Ресей әскерінің 16 ақпанда Украинаға басып кіретінін айтқан болатын. Мұндай мәлімдеме Батыс елдерінің, Еуропалық Одақтың және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды. Бірақ америкалық тарап бұл мәлімдемелеріне ешқандай да дәлел келтірген жоқ. Өз кезегінде сарапшылар соғыс болған жағдайда энергия бағасының көтерілуіне және сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырады деген болжам жасауда.