Жезқазғандық дәрігерлер ине жұтып қойған баланы аман алып қалды

Жезқазғандық дәрігерлер ине жұтып қойған баланы аман алып қалды

Жезқазғандық дәрігерлер ине жұтып қойған баланы аман алып қалды
ашық дереккөзі
Қарағанды ​​облысында 10 жасар бала ине жұтып қойды. Мұны ата-анасына айтудан қорыққан бала екі күн бойы инемен жүрген деп жазды turkystan.kz. Оқиға Қаражал қаласында болған. «Patriot» Telegram арнасының хабарлауынша, ине асқазанға кептеліп қалған. Ұрсады деп қорыққан бала мұны ата-анасына тек екі күннен кейін ғана айтқан. Ата-анасы ұлын дереу жергілікті ауруханаға апарып, хирургтарға көрсетеді.
«Кішкентай науқас дәрігерлерге ішінің ауыратынын айтып, шағымданды. Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетті. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен («ЭФГДС») тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталды. Тексерістен соң бала Жезқазған ауруханасына жатқызылады», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Дәрігерлер бала жұтқан инені эндоскопиялық жолмен алып тастады. Қазір дәрігерлердің қарауындағы науқастың жағдайы жақсы.