«Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

«Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

«Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы қаласында «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілерін ұстады деп жазды turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арнайы операция барысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан құралған бұл қылмыстық топтың 6 мүшесі қолға түсті. Күдіктілердің Алматы облысының аумағында болған қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы сияқты көптеген қылмыстарға қатысы бар.
«Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтарда мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сөйтіп, олар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері («Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 2 «көмбе» анықталып, олардан 44 атыс қаруы және 3 суық қару, сондай-ақ 20 оқ-дәрі алынды. Қазір бұл қару-жарақты сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.