Электр қызметінің бағасы арзандай ма?

Электр қызметінің бағасы арзандай ма?

Электр қызметінің бағасы арзандай ма?
ашық дереккөзі

Электр желілік компанияларын кеңейту мәселесін ҚР Үкіметінің отырысында ұсынылған «Электр энергиясының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы реттейді. Заң жобасында электр таратушы ұйымдарға 2018-2022 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілетін талап қарастырылады.

Әзірленген Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2 Кодексіне және 3 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Олар – Салық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдар. «Энергия беруші ұйымдарды ірілендіру мәселесі Заң жобасында 5 негізгі механизм бойынша қаралды, олар: иесіз электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату; энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монполиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйым салуды алып тастау; электр желілерін кеңейткен кезде энергия беруші ұйымдар тарифтерінің шекті деңгейлерін қайта қарау мүмкіндігі; мемлекеттік кәсіпорындар балансындағы электр желілерін беру; энергия беруші ұйымдардың қызметіне талаптар енгізу», — деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен қатар Энергетика министрі елімізде анықталған 4 580 км-ден астам иесіз жатқан электр желісі мәселесі шешіліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, 1300-ден аса трансформаторлық қосалқы станцияның бар екені белгілі болды.

 «Осыған байланысты Заң жобасы ынталандыру механизмін қарастырады. Нақтырақ тоқталар болсақ: энергия беруші ұйымдар иесіз электр желілерін өз балансына тегін алған уақытта корпоративтік табыс салығынан (20%) және мүлік салығынан (1,5%) босатылады. Осы нормаларды енгізу алдымен иесіз электр желілерін өз балансына қабылдауы үшін энергия беруші ұйымдардың қызығушылығын арттыруға қажет», — деді Энергетика министрі. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, сайып келгенде 2020 жылға таман Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымның саны 120-130-ды құрайды, энергиямен жабдықтау сенімділігі күшейеді, тұтынушылардың электр энергиясын қолданғаны үшін төлемақы қызметі азаяды.

Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының» 51-қадамында көрсетілген.