Қызына сезімін білдірмек болған жігіт төңірегіне бензин төкті (ВИДЕО)

Қызына сезімін білдірмек болған жігіт төңірегіне бензин төкті (ВИДЕО)

Қызына сезімін білдірмек болған жігіт төңірегіне бензин төкті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бір топ жастың файер-шоу ұйымдастырып, арты өртке ұласып кете жаздаған видеосы 13 ақпанда әлеуметтік желіде кең таралды деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, оқиға Атырау облысының Мақат ауданында болған. 2004 жылғы жігіт сүйіктісіне сезімін білдіру үшін төңірегіне бір топ досын жиып алған. Қыз келісімін берген сәтте, романтикалық атмосфераға бөленгісі келген ғашық жігіт айналасына бензин төгіп, кейін оны достарының бірі тұтатқан. Лаулай жөнелген бензин бастапқыда жалындап, іле қою-қара түтін пайда болып, жағымсыз әсер қалдырады. Дәл осы сәтте тәртіп сақшылары келе қалған. azh.kz сайты 14 ақпанда Полиция департаменті осы дерек бойынша Мақат ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырғанын хабарлады. Тағы оқи отырыңыз: Түркістан облысында бензин толы цистерна жарыла жаздады