«Парламент отставкаға кетуі керек» - Арман Шораев

«Парламент отставкаға кетуі керек» - Арман Шораев

«Парламент отставкаға кетуі керек» - Арман Шораев
ашық дереккөзі
Медиа менеджер және қоғам қайраткері Арман Шураев Қазақстан Парламенті отставкаға кетуі керек деп есептейді деп хабарлады turkystan.kz ҚазТаг-қа сілтеме жасап.
«Мен Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс спикері қызметінен кетуін құптаймын. Ондай адамдар ол жерде отырмауы керек, оларды ешкім таңдаған жоқ. Бізде тәуелсіз адамдардың еркін сайлауы болған емес. Сондықтан бүкіл Парламент отставкаға кетуі керек. Өз партиясын тіркегісі келетіндердің барлығына жағдай жасаған жөн. Содан кейін сайлау өткізуге әбден болады», - деді Арман Шураев.
Оның ойынша, Орталық сайлау комиссиясы туралы заңды өзгерту қажет.
«Саяси партиялар туралы заңды ғана емес, Орталық сайлау комиссиясы туралы заңды да өзгерткен дұрыс. Сталин айтқандай, «олардың қалай дауыс беретіні маңызды емес, қалай саналатыны маңызды». Сондықтан қазіргі жүйеде бұрынғыдай сайлау орталықтарында ақшаға сатылатын мұғалімдер, дәрігерлер отырғанда, әділ сайлау өткізу мүмкін емес. Осындай жүйеден арылмай, Парламентте отырғандарды халық қалаулылары дей алмаймыз», - деді ол.
Оқи отырыңыз: Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді