Қазақстанда көлік қымбаттайды

Қазақстанда көлік қымбаттайды

Қазақстанда көлік қымбаттайды
ашық дереккөзі
Мұндай болжамды Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев айтты деп хабарлады turkystan.kz  LS сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, көлік құнына логистиканың қымбаттауы мен доллардың нығаюы әсер етеді.
«Қытай мен Қазақстанның шекарасы жабық. Бөлшектерді Ресейдің Владивосток қаласы арқылы алдырып жатырмыз. Егер контейнер Қытайдан тіке 30 күнде келсе, Владивостоктан 40-45 күнде келеді», - дейді    Б. Несіпбаев.
Ол тасымалдау құны да бір контейнерге 3,5 мың доллардан 11,7 мың долларға дейін өскенін, соның салдарынан Қазақстанда доллармен есептегенде автомобильдің түпкілікті бағасы 5-7 пайызға өсетінін айтты. Қазірдің өзінде кейбір модельдердің бағасы қымбаттай бастаған. Компания басшысының айтуынша, теңгеге доллар бағамы айтарлықтай әсер етеді. Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие бойынша сатылатын көліктердің тізімі жарияланды