Ақтөбеде кабельді мұздан тазартқан екі адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбеде кабельді мұздан тазартқан екі адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбеде кабельді мұздан тазартқан екі адам жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде кабель жүргізілген кәрізде мұздан тазарту жұмыстарын атқарған екі адам ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Олар жерасты желілерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін құдыққа түскен көрінеді. Алайда бу генераторы кенеттен тарс етіп, екеуі де ауыр жарақаттанған. Қазір науқастар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бірінің жағдайы жақсара түскен. Дегенмен, 25 жастағы азаматтың халі жіті бақылауда. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендер - «Қазақтелеком» АҚ мамандары.

-Бұл жағдай бойынша 112 телефон нөміріне өтіп бара жатқан азамат хабарласқан болатын және оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Қазіргі таңда жағдайлары ауыр. Осы факті бойынша материал Ақтөбе қаласының Полиция басқармасының 2-қалалық полиция бөліміне жолданды, - деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Ислам Елеуов.