«Сандырақ!»: Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» байланысын жоққа шығарды (ВИДЕО)

«Сандырақ!»: Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» байланысын жоққа шығарды (ВИДЕО)

«Сандырақ!»: Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» байланысын жоққа шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қалалық мәслихатының депутаты, танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген Instagram-дағы парақшасында өзіне қатысты қауесеттерге қарсы жауап қайтарды деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін жазғанымыздай, ол Дубайда демалып жатқанын, өзін Бас прокуратура қаңтардағы митингілерге байланысты жауап алуға шақыртып жатқанын айтқан еді. Осыған байланысты біреулер кәсіпкерді БАӘ-ден экстрадициялады деген ақпарат таратқан.
«Барып тұрған сандырақ! Прокуратура мені куәгер ретінде шақырды. Ал ҰҚК Алматы прокуратурасы жауап алуға шақырған жағдайда, оларға қайта келудің қажеті жоқ екенін айтты», - деді Қайрат Құдайберген.
Сондай-ақ ол «Дикий Арманмен» байланысы жөніндегі қауесетке де қынжылыс білдірді. Тағы оқи отырыңыз: ҰҚК «Дикий Арманмен» бірге болған депутатты жауап алуға шақырды Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» кеңескенін жасырмады (ВИДЕО)
«Мен «Дикий Арманның» демеушісі әрі досы екенмін. Бұл енді сандырақтың ішіндегі сандырақ! Арман Жұмагелдиевпен мен митингілер кезінде алаңда алғаш көрістім. Демеушілік туралы сөз болуы мүмкін емес», – деді Қайрат Құдайберген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)