Қазақстанда «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу ұсынылды

Қазақстанда «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу ұсынылды

Қазақстанда «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу ұсынылды
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Цифрлық майнингті лицензиялау енгізілетінін айтты деп жазды turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар үш бағыт бойынша жүргізіледі. «Сұр майнерлер» бойынша, Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электрэнергияның тарихи деректері құрылып, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылады», - деді Бағдат Мусин.
Бұдан бөлек, уәкілетті органдармен бірлесе отырып, ІР адрестерге шектеу қою арқылы сұр майнерлердің іс-әрекетіне тыйым салу тетіктері пысықталады. Сондай-ақ, арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалады. Сондай-ақ ESG талаптарын сақтау тұрғысынан «ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелер қойылады.
«Тиімді шешімдердің бірі – «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеуді заңнамада қарастыру мәселесі талқыланады. Аталмыш шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданады. Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Мұнда негізгі критерий - техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуы міндеттеледі», - деді министр.
Бұдан бөлек, елімізде криптобиржаларды құру, криптобиржа қатысушылары үшін банктік қызмет көрсетуді іске қосу және майнингтік пулдарды құру сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін криптоиндустрия саласын дамытуға қажетті экожүйені құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл шаралар нарықта нақты және айқын ережелерді орнатуға, электр желісін шамадан тыс жүктелуін болдырмауды және майнингтік фермалардың көпшілігін «сұр аймақтан» шығаруға оң әсерін тигізбек.