Мәскеуде анасы жаңа туған сәбиін пакетке салып 4-қабаттан лақтырып жіберген

Мәскеуде анасы жаңа туған сәбиін пакетке салып 4-қабаттан лақтырып жіберген

Мәскеуде анасы жаңа туған сәбиін пакетке салып 4-қабаттан лақтырып жіберген
ашық дереккөзі
Мәскеуде жаңа туған сәбиді анасы 4-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Бұл туралы Мәскеу прокуратурасының ресми өкілі Людмила Нефедова Лента.Ру басылымына айтты деп хабарлады turkystan.kz. Алдын ала болжам бойынша, 30 жастағы әйел үй жағдайында босанып, жаңа туған сәбиін пакетке салып, терезеден лақтырып жіберген. Сәби аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Анасы да медицина мекемесіне жатқызылды. Мәскеу прокуратурасы аталған факті бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауды бақылауға алды.