Жаңалықтар

Трамп президенттік қызметін неден бастайтынын айтып берді

ашық дереккөзі

Трамп президенттік қызметін неден бастайтынын айтып берді

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп өзінің жұмыс жоспарымен бөлісті.

 Оның айтуынша, президент тағына жайғасқан соң ол бірден Транстынықмұхиты серіктестігі (ТТС) жөніндегі келісім аясынан шығуға және Американы кибершабуылдардан қорғау бағдарламасын әзірлеуге кіріспек. Сондай-ақ, Трамп көмірсуларды өндіруге қатысты тыйымдарды алып тастауға сөз берді. «Мен Транстынықмұхиты серіктестігінен (ТТС) шығатынымыз жөнінде құлақтандыру жолдаймын. ТСС –  біздің еліміз үшін үлкен апат. Оның орнына біз Америкаға өндіріс пен жұмыс орындарын қайтаратын екіжақты әділ келіссөздерге қол жеткізетін боламыз», - деді миллардер.

Трамптың америкалықтарға берген тағы бір уәдесі – бюрократияны жою. Өзінің жұмыс тобымен бірге ол елдегі жүйелендіруші ережелерді жеңілдетемін деп сендіріп отыр.